Тапсырысты алмай тұрып, кез келген уақытта бас тарта аласыз.

Тауарды алып қойған соң, жарамсыздығын дәлелдейтін қандай да бір белгі шықса, оны қайтару үшін:

14 күн ішінде тауарды қайтара аласыз (ҚР Азаматтық кодекс, 454-бап)

Тауарды қайтару KITAPAL дүкенінде жүзеге асады. Арнайы форма толтырасыз. Өзіңізбен бірге жеке куәлік, фискальды чек болу керек.

 

Тауарды қайтару үшін оның барлық сапасы (тұтыну сапасы, ішкі/сыртқы сапасы) 100% сақталған болуы керек, құраушы бөлшектері (қорабы) түгел болуы керек, сатып алынғанын дәлелдейтін чек не документ, жеке куәлік керек.

 

АҚШАНЫ ҚАЙТАРУ

Тауар қандай жолмен сатылса, сол жолмен ақшасы қайтарылады (ақшалай не аударым жасау). Аударым 10 күн ішінде түседі.

 

ТАУАРДЫ КУРЬЕР АРҚЫЛЫ ҚАЙТАРУ (АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ҮШІН)

Курьерді жұмыс уақытында шақырасыз, құны 700 тг. Өтініш толтырасыз. Курьерге қайтару керек тауарды, жеке куәлік көшірмесін, фискальды чекті, т.б. құжаттарды бересіз.

 

ТАУАРДЫ ПОЧТА АРҚЫЛЫ ҚАЙТАРУ

Тауарды қайтару туралы өтініш толтырасыз. Қайтарғыңыз келген тауарды қайтадан орап, құжаттарын (фискалды чек, накладной) салып, жеке куәлік мен өтінішті қоса салып, почта арқылы мына мекенжайға жібересіз. Жіберу құнын өзіңіз төлейсіз. 050000 Алматы қаласы, 5 мкр 18 үй, KITAPAL дүкені.