👩‍🎓Студент үшін ТОП-5 кітап

👩‍🎓Студент үшін ТОП-5 кітап

29 Қыркүйек 2020

Студент – көп оқуы керек адам. Осы білімі үлкен өмірдің шамшырағы болады. Мына кітаптар студенттің өмірін жеңілдетіп, оқуын оңайлатады. Бұл кітаптарды студентке алып беретін адам оған үлкен инвестиция құйғанмен бірдей. Студенттерді белгілеп кетіңіз. Пайдалы болсын.

📗Студент №1 – 2500 тг
Бұл кітап студенттің билеті тәрізді. 4 жылдық өмірде нағыз серік болатын кітап. Ішінде жоқ дейсіз, студентке қатысты нәрсенің бәрі бар. Ұйықтау, кітап оқу, тамақтану, ғашық болу, кешікпеу, ақша табу, мотивация алу, жұмыс істеу, даму, дос табу, т.б. қызықты тақырыптарды табасыз.

📗Толқында бол – 3000 тг
Бұл жоспар жасауға арналған күнделік. Әр семестрді, рубежканы, сессияны қаншаға жабу керек, оған не оқу керек, нә нәрсе қажет, бүгін не істеймін, ертеңге не жоспар жасаймын дегеннің бәрі осы күнделікте. Толтырып қойып, соған сай жүресіз. Нәтижесінде бәрін жеңіспен аяқтайсыз.

📗Жылдам оқы – 2500 тг
Студент білімді өте тиянақты, көп алу керек. Демек, көп кітап оқу керек. Сонымен қатар, оқыған кітабын ешқашан ұмытпау керек. Бұл кітап соған тұп-тура көмектеседі. Кітапта берілген әдістермен сіз кемінде 5 есе жылдам оқып бастайсыз. Әрі есте сақтаудың техникаларымен танысасыз. Жылдам оқуды бір үйренсеңіз, өмір бақи серігіңіз болады. Мың сұраққа бір түнде дайындалып үлгересіз (бірақ олай жасауға болмайды))))

📗Кайдзен – 3000 тг
Өміріңізді жапонның үздік философиясына сай реттеңіз. Соған сай дамыңыз.

📗Өміріңді өзгертетін 100 әдіс – 3500 тг
Бұл жаңадан шыққан кітап студентке көптеген таңдаудың бар екенін өмірде болған оқиғалармен көрсетеді. Кеше ғана мектеп бітіріп, үлкен өмірде кім боларын, қалай боларын білмей басы қатып жүрген студентке жақсы бағыт-бағдар береді. Бұлыңғыр бояуды кетіреді.