РАМАЗАН АЙЫНА ДАЙЫНСЫЗ БА?

17 Қаңтар 2020

Рамазан айына аз уақыт қалды. Суға бірден сүңгіп кетпей, оған денені үйретуіміз қажет. ⠀ ЖОСПАР ҚҰРУ Рамазанның әр секунды бағалы. Кезекте отырсаңыз Құран оқыңыз, жүрсеңіз зікір айтыңыз. Шаршасаңыз, ұйықтап алыңыз, оның өзі ниет дұрыс болса құлшылыққа айналады. ⠀ ҚҰРАН ОҚУ МЕН ЖАТТАУДЫҢ КЕСТЕСІН ҚҰРУ Әр намаздан соң 4 беттен оқып тұрсаңыз, бір хатым жасап бітесіз. Қысқа сүрелерден білмейтінін жаттап бастаңыз. 4 сүре жаттаңыз. ⠀ ЖАҚСЫ ДОСТАР ТАБУ Ауызашар жасап, достарыңызды шақырыңыз. Сауабын аласыз. ⠀ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАУ Күніне 300 тг садақаға жинасаңыз, бір айда 9000 тг жинап, бір оқушының сөмкесі мен оқу құралын алып бере аласыз.

 

Мұның бәрін «РАМАЗАН КҮНДЕЛІГІ» кітабынан таба аласыз. Рамазан айын қалай пайдалы өткізуге болады деп жүрсеңіз, осы кітапты алыңыз.